Выйти
RU

Қостанайда өзеннен әйелдің мүрдесі табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

28 маусымда құтқарушылар Қостанайдан 3 шақырым жерде Тобол өзенінен 1971 жылғы әйелдің денесін алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайда өзеннен әйелдің мүрдесі табылды

Фото: Хабар 24

Сүңгуірлер оның мүрдесін оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықтан, өзеннің төменгі ағысынан тапқан. Сот-медициналық сараптама белгіленді.

Бір күн бұрын шамамен сағат 22:45-терде әйел адам белгісіз жағдайда жоғалып кеткені хабарланған.

Айта кетейік, осыған дейін Оралда өзеннен басы мен екі қолы жоқ әйелдің денесі табылған еді. Алдын ала болжам бойынша, 41 жастағы келіншек шомылып жүріп, моторлы қайықтың астында қалып қойған.

Қайғылы оқиға Шаған өзенінде орын алған. Телеарна таратқан мәліметке сенсек, әйел су көлігінің астына түсіп қалуы мүмкін.

Оның денесін винт бөлшектеп турап тастаған. 41 жастағы тұрғынның басы мен екі қолы әлі табылмағаны белгілі болды.

Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Жасұлан Жұмашев іздестіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлім еткен болатын.

"Қайықтан құлап кетті ме, әлде шомылып жүрген жерінен үстінен басып өтті ме, ол жағын полиция анықтайды. Ал біз марқұмның дене мүшелерін ісдестіріп жатырмыз. Айта кетейін, осыған ұқсас жағдай 5 маусымда да болған", - деген еді ол.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанайда өзеннен әйелдің мүрдесі табылды