Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вирустан да қауіпті": Желі белсендісі инфекция жұқтырғандардың көбеюуіне байланысты үндеу жолдады

Опубликовано:

Желі белсендісі Самал Сұлтан коронавирус пандемиясына байланысты үрейге бой алдырған ел тұрғындарын даурықпауға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Салмағы да, жасы да бірдей екі тоқтыны бөлек-бөлек тор аулаға қамап қояды. Алдарына қойған жем де, шөп те, су да бірдей. Бір ғана айырмашылық бар. Бір тоқтыға жақын жерге, бөлек тор аулаға қасқыр қамайды. Екінші тоқты оны мүлде көрмейді.

Бірнеше айдан кейін қасқырдың қасындағы тоқты өліп қалады. Оның ажалы жем-шөптің жоқтығынан емес, қорқыныш пен қобалжудан болыпты. Ал екінші тоқты алаңсыз семіреді.

Бұл тәжірибені Ибн Сина өткізіпті дейді. Ол мұнымен тәнге түскен жарадан жанға жамалған жараның өте ауыр болатынын дәлелдеген. Қорқыныш пен үрей, шарасыздық пен шыдамсыздық бізге вирустан да қауіпті. Сондықтан үрейге бой алдырып, босқа даурықпаңыздар. Бұл дабыраны да көппен бірге жеңеміз.

Үрейге бой алдыра бермейік, бұл да, бір сынақ шығар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Алланың берген жақсы күндері көп болсын!" - деп жазды Самал Сұлтан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін жазушы Құлбек Ергөбек ел ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының артуына байланысты мемлекет басшысына өз ұсынысын жеткізген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862584-virustan-da-kauipti-zeli-belsendisi-infekcia-zktyrgandardy-kbeuuine-bajlanysty-ndeu-zoldady/

pixel