RU

70 жыл бойы өрт сөндіріп келген ескі достар жұртты тәнті етті

Австралияның Билпин қаласының тұрғындары Билл Джонсон мен Альберт Ньютон 70 жыл бойы өрт сөндіру бөлімінде ерікті болып қызмет етіп келеді. Осы уақыт аралығында жұптары жазылмаған жолдастар бүгінде өз жерінің құрметті азаматтарына айналды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

70 жыл бойы өрт сөндіріп келген ескі достар жұртты тәнті етті
Фото: Видеодан кадр: UGC

Альберт 16 жаста болғанда оның әкесі алғаш рет Билл екеуін өрт сөндіруге қатыстырды. Сол сәттен бастап жасөспірімдер осы салаға ден қойды. Ол жылдары қаланың өзінің өрт сөндіру бекеті де болмаған. Пошташы әйел алдын ала қоңырау соғып, қауіп қатер төніп тұрғанын хабарлайтын. Ал еріктілер қолдарына су алып, өртті сөндіруге асығатын.

Міне, екі жігіттің достастығы өткен ғасырдың ортасында осылай басталған еді. Бүгінгі таңда қария атанған Билл мен Альберт жүзден аса өртті сөндірді. Алайда 2019 жыл олар үшін ең ауыр жыл болды. Себебі Австралияда ормандардың басым бөлігі өртке оранды.

Жуырда Билл мен Алберт еліне адал қызмет еткені үшін құрмет медальдарымен марапатталды.

"Мен қатты таңғалдым! Әдетте бұл көптің арманы, алайда бұған әркім жете бермейді", - деді Альберт.

Егде жастағы ер адамдар 16 жасынан бастап барлығын бірге істеп, еш уақытта айырылмағандарын айтады.

"Біз бірге жұмыс істеп, өртпен күрестік. Бірге отын жарып, қыздарға бардық", - дейді Билл.

Естеріңізге сала кетейік, 30 жыл ауырып көрмеген ер адамның сырымен бөліскені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862591-70-zyl-bojy-rt-sndirip-kelgen-eski-dostar-zrtty-tnti-etti.html