Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Коронавирус болмаса екен": Ауырып қалған Динара Сәтжан елді алаңдатты

Опубликовано:

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан желідегі оқырмандарына өзінің ауырып қалғанын хабарлады. Ақпарат өкілінің дене қызуы көтеріліп, тамағы қызарып кеткен. Түні бойы басы қатты ауырған дизайнер бүгін мұлдем төсек тартып жатып қалғанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dinarasatzhan. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Динара Сәтжан сырқаттанып қалғандықтан жоспарланып қойған шараларын өткізе алмайтынына қынжылды. Белгілі тележүргізуші карантин бойы Instagram желісінде түрлі адамдармен сұхбат жүргізіп, пайдалы ақпаратпен бөліскен болатын.

Бұл жолы ол коронавирус жұқтырып алған Әсел Сәдуақасовамен тілдесуін кейінгі шегеруге мәжбүр болған. Ақпарат өкілі өзі ауырып қалғандықтан ПТР тестін тапсыруға бекінді.

"Бүгін Әсел Сәдуақасовамен эфир болмайтын болды. Себебі, мен өзім де ауырып қалдым. Бұл коронавирус емес деп үміттенемін. Ертең ПТР тест тапсыруға барамын. Бұған дейін Олимпке хабарласып, тестті үйден жасай салуға болатын еді. Ал бүгін оларға қоңырау шалу мүмкін емес.⠀
Дене қызыуым кеше кешке 37 градустан басталды. Бірнеше күн бойы тамағым қызарып, ашып жүрді. Бүгін түнде басым шыдатпай қатты ауырып, денем ыстықтан сына берді. Бүгін күні бойы төсектен тұрмай жатырмын. Шай мен сорпа ішіп жатырмын. Арбидол іше бастадым. Дәрігер телефон арқылы ковидтен нақыт дәрі жоқ екенін айтты. Оған қоса, ол егер диагноз расталса бәрі менің иммунитетіме байланысты деді. С витамынін ішіп жүрмін. Өз ағзамның қорларына менім артудамын" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннен де коронавирус инфекциясы анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1862595-koronavirus-bolmasa-eken-auyryp-kalgan-dinara-stzan-eldi-aladatty/

pixel