Выйти
RU

Шпекбаевтың отставкасы жайлы ақпаратқа жемқорлыққа қарсы агенттік пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қазіргі төрағасы Алик Шпекбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпарат тарады. Бұл жаңалыққа қатысты еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шпекбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Фото: NUR.KZ

Алик Жатқамбайұлының қызметінен кету жайлы өтініш бергені туралы ақпарат саясаттанушы Ербол Еділовтің Telegram арнасында жарияланды.

Оның айтуынша, жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы зейнетке шығу жасына жеткендіктен отставкаға кетуге шешім қабылдаған. Жазбада атап өтілгендей, шешімді мемлекет басшысы қабылдайды.

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі желіде тараған ақпаратқа пікір білдіріп, оның шындыққа жанаспайтынын айтқан.

Алик Шпекбаев алдағы сенбіде, 4 шілде күні 63 жасқа толады.

Айта кетейік, Алик Жатқамбайұлы бастапқыда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарды.

Ведомство өткен жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылғаннан кейін оны бүгінгі күнге дейін басқарып келеді.

Өткен жылдың мамыр айында Алик Шпекбаев жаңа арнайы атаққа ие болды. Ол бүгінде – полицияның генерал-лейтенанты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шпекбаевтың отставкасы жайлы ақпаратқа жемқорлыққа қарсы агенттік пікір білдірді