Выйти
RU

Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде 30 жастағы жүкті келіншек коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде аяғы ауыр

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Кеше Ақтөбе ауруханаларында екі адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Олардың бірі - 30 жастағы аяғы ауыр келіншек екені белгілі болды.

"КВИ-дің салдарынан пациенттің тыныс алуы қиындаған. Екі науқас жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Аурудың салдарынан оларда пневмония пайда болған.
Біз жетекші мамандармен бірнеше рет кеңестік. Хаттама бойынша әрекет еттік. Бірақ, өкінішке қарай, нәтиже болмады", - дейді Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.

Аурухананың кейбір пациенттері еріктілердің көмегімен Instagram арқылы оттегі жастықшаларын іздестіруде. Қалиевтің айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешілуі керек. Препараттарды сатып алуға бюджеттен қосымша қаражат бөлінген.

Дәрігерлердің пікірінше, жағдайды өзін-өзі емдеумен айналысып жүрген адамдар қиындатып жатыр екен.

"Өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Науқастар үйде отырып, өздерін емдеуге тырысқаны үшін қайғылы жағдайлар орын алып жатыр. Бұл жағдайда бактерияға қарсы терапия нәтиже бермейді.
Өзін-өзі емдеген науқас ауруханаға түскен кезде оған, тіпті, өкпені жасанды желдету аппараты көмектеспейді. Мен адамдарға дереу учаскелік дәрігерді немесе жедел жәрдем шақыруға кеңес беремін", - дейді Қалиев.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясы белгілері бар 828 пациент пен вирус белгілері жоқ 584 тасушы тіркелген.

Ауру өсімі 6,6 пайыз. 47 адам пневмонияның асқынуынан, 4 адам - ​​Covid-19-дан қайтыс болған.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, елде COVID-19 көз жұмғандар саны 183-ке жеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде аяғы ауыр келіншек коронавирустан көз жұмды