Выйти
RU

Қазақстандық зертханалардың бірінде коронавирусты анықтайтын ақылы тест тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық сараптама орталығының коронавирусты анықтайтын ақылы сынақтарын тоқтату туралы жаңалық халық арасында дүрбелең тудырды. Ведомство бұл шешімнің немен байланысты екенін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақылы тесттер

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Елдің бас санитарлық дәрігері қаулысымен Ұлттық сараптама орталығы COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін ақылы қызметті тоқтатқан. Тиісті ақпарат ведомство сайтында жарияланған.

Орталық тұрғындарға тегін тестке қатысты сұрақтар бойынша емханаларға хабарласуды өтінді.

ҰСО баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай шешім қабылдауға орталық зертханаларының жұмысы еселене түсуіне байланысты қабылданған.

"Біз жеке тұлғаларды тесттен өткізбейміз. (Пандемияның - ред.) Басында иә, ондай адамдарды қабылдайтынбыз, алайда содан кейін тоқтаттық. Себебі зертханаларда жүктеме көбейді, қалағандардың бәрі келіп, тексеріле алмайды", - деп хабарлады ҰСО баспасөз қызметі.

Мемлекеттік зертханаларда ақысыз тестілеуді медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында ауруханалар мен клиникалардың пациенттері, сондай-ақ медициналық қызметкерлердің өздері мен әскери қызметкерлері өте алатыны туралы хабарланған.

Айта кетейік, Олимп, Инвиво және "Medical Partners Korea Qazaqstan" ЖШС сияқты жеке диагностикалық орталықтар ақылы негізде КВИ-ді анықтайтын тестілеуді өткізуді жалғастыруда.

Айта кетейік, наурыздан бастап Алматыда коронавирусқа тексерілгісі келетіндердің саны 28 есеге артқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық зертханалардың бірінде коронавирусты анықтайтын ақылы тест тоқтатылды