Выйти
RU

Тоқаев: Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы коронавирустың таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында індетпен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Президенттің сөзінше, бастапқыда бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылса, соңғы кезде мемлекеттік органдар бұл істі босаңсытып жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев: Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды

Фото: Ақорда

"Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді.

Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған Республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы.

Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда", - дейді президент.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алған алып, вице-премьер мен бірнеше әкімге сөгіс жариялағанын хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев: Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен байланыс орнатуды қойды