Выйти
RU

Иран 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Иранның кейбір инновациялық кәсіпорындары COVID-19 вакцинасын жасау үстінде. Олар 2021 жылы вакцинаның өндірісін бастамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ИРНА агенттігіне сілтеме жасап.

Иран 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы бүгін Иранның Денсаулық сақтау және медициналық білім министрлігінің технологияларды дамыту департаментінің бас директоры Хосейн Ватанпур хабарлады.

Оның айтуынша, адамның папилломавирусына және H1N1 тұмауына қарсы вакциналар да осы жылдың соңына дейін қол жетімді болады.

Ол Иран дамушы елдермен қатар вакцина жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Біздің осы саладағы жетістіктеріміз халықаралық өнімдермен бәсекеге түсе алады. Қазіргі уақытта Иранның 3 кәсіпорны папиллома вирусына қарсы вакциналарды шығарумен айналысуда", - дейді Хосейн Ватанпур.

Айта кету керек, жатыр мойнының қатерлі ісігінің алдын алу үшін қолданылатын ирандық ПВ вакцинасы өткен жылдың соңына дейін шығарылады деп жоспарланған.

Алайда, бұл вакциналардың, өндірісі кейбір мәселелерге әсіресе коронавирус инфекциясының таралуына байланысты кейінге қалдырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандық ғалымдар дайындап жатқан коронавирус індетіне қарсы кандидаттық вакцинаның клиникалық зерттеуден қашан өткізілетін жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Иран 2021 жылы коронавирусқа қарсы вакцина шығаруды жоспарлап отыр