Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті 63 жасқа толған туған күнімен құттықтап, бауырлас Түрікменстан халқының игілігі жолында атқарып жатқан жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты жоғары деңгейде нығайта беруге бейілді екенін нақтылады. Сонымен қатар стратегиялық серіктестікті дамытуға, әсіресе, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты арттыруға оңтайлы жағдай жасалғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қолдау көрсетіп, жеделхат жолдағаны үшін ризашылық білдірді.

Еске салсақ, бүгін мемлекет басшысы коронавирустың таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес барысында індетпен күресте ақпараттық жұмыстардың маңызды рөл атқаратынына тоқталды. Президенттің сөзінше, бастапқыда бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылса, соңғы кезде мемлекеттік органдар бұл істі босаңсытып жіберген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті