Выйти
RU

БҚО-да "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында қоғамның әлеуметтік жағынан осал тобына жататын отбасы балаларына арналған волонтерлік көмек көрсетілетін "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.

БҚО-да "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда

Білім беру, мәдениет және өнер, медицина, әлеуметтік салалардың ұсынатын қызметіне қарамастан, қоғам мүшелеріне қол ұшын созуды мақсат еткен жанашырлар тобы белсенді әрекетке көшті.

Биыл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған "Волонтерлер жылына" орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынысымен еліміз бойынша жүзеге асырылуы тиіс 7 басым бағыт анықталып, волонтерлік қозғалысты жандандыру шараларықабылданды.

Батыс Қазақстан облысында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен, "Жас қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің атсалысуымен "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы іске қосылды. Ауылдық елді мекендердегі халықтың әлеуметтік осал санатына енген отбасы оқушыларына ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізіліп, ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылық, пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобаларға дайындау бағыттары шеңберінде волонтерлік көмек көрсетіліп басталды.

Тағы да оқыңыздар

Елордада бүгін кинотеатр мен балабақшалар ашылмайтын болды

БҚО-да "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда

Оның ішінде ауыл мектептерінде білім алатын 1 мыңнан астам оқушылардың білім беру сапасын 100 волонтер арқылы арттыру жоспарланған. "Жас қанат" жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Азат Сейтимовтың айтуынша, жалпыұлттық жобаны жүзеге асыруда сараптамалық кеңес құрылып, алғашқы отырысында-ақ арнайы іріктелген волонтерлердің атқаратын қызметі айқындалды.

Атап айтқанда, волонтерлер шеберлік сағаттары мен семинар-тренингтерден өтіп, елді мекендерге қарасты орта мектептердің жоғары сынып оқушыларына волонтерлік қызмет көрсетуге жәрдемдеседі.

Бейіндік пәндер ретінде түлектер таңдаған мамандықтарға байланысты АҚҚ, математика, физика, биология, химия, география тарих, қазақ тілі және әдебиеті, оқу сауаттылығы, ағылшын пәндер бойынша білім алып шықты, - дейді Азат Ғалымұлы. Осы орайда, "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы волонтер болуға ынталы 18 жастан асқан жалынды жастарды сауапты іске атсалысуға шақырады.

Толық ақпарат: 25-04-45, 87782692400 немесе @zhas_kanat07 инстаграм желісі;

Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Самарская 87H;

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҚО-да "Birgemiz. Bilim" жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда