Выйти
RU

Тоқаев коронавирус ауруының таралуына мемлекеттік органдарды айыптады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңес кезінде Қазақстан президенті төтенше жағдай жойылғаннан кейін мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты елде коронавирустың өршуі орын алғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев коронавирус ауруының таралуына мемлекеттік органдарды айыптады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде дер кезінде жарияланған қатаң карантин шаралары уақыттан ұтып, эпидемияның қатты өршіп кетпеуіне мүмкіндік бергенін атап өтті.

Өкінішке қарай, Төтенше жағдай режимі тоқтатылғаннан кейін барлық карантин шаралары босаңсып, вирустың таралуы 7 есе өсті.

Президент бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отырғанын айтты. Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өтті.

"Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады", – деді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар дер кезінде атқарылмай, тиімділігі аз шаралардың қабылдануы салдарынан еңбек ұжымдарында, ірі өндіріс орындарында жаппай вирус жұқтыру ошақтары пайда болды.

Тағы да оқыңыздар

Коронавирус жұқтырған және оқшауланған лауазымды тұлғалар кімдер

"Атырау облысындағы Теңіз кен орны індет жұқтырудың орталығына айналды. Онда дертке шалдыққан 1222 адам тіркелді. Алматы қаласында тұрғындардың ғана емес, медицина қызметкерлерінің арасында да науқастанғандар өте көп.
Елордадағы көптеген мекемелер карантин жағдайының өзінде санитарлық талаптарды сақтамаған. Өңірлердегі ауруханаларда науқастар жататын орынға, медицина кадрларына, дәрі-дәрмекке, медициналық құрал-жабдықтарға тапшылық қатты байқалады", – деді Тоқаев.

Президент бірқатар әкімдерге, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімдеріне де сөгіс жариялады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев коронавирус ауруының таралуына мемлекеттік органдарды айыптады