Выйти
RU

Тоқаев ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайындықты бастауға шақырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі кеңес өткізіп, онда ол бірқатар шенеунікке сөгіс жариялап, сондай-ақ елде қатаң карантин енгізу туралы ұсыныстар әзірлеуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайындықты бастауға шақырды

Көрнекі фото: Andrey Rudakov/Bloomberg/Getty Images

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті шұғыл шаралар қабылдаумен қатар, коронавирус пандемиясының ұзаққа созылуына дайын болуға шақырды.

Осыған байланысты орта мерзімді перспективаға арналған Қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарын әзірлеуді тапсырды.

"Иә, бұл – қауіпті ауру. Оны емдейтін вакцина әлі жасалған жоқ. Бірақ оны қауіпті екен деп байбалам салып, үрейге бой алдырмау керек. Сондай-ақ жөнсіз әрекетке барып, дәрігерлерге тіл тигізіп, санитарлық режимді бұзуға жол берілмейді. Ал науқастанып қалғандар сарыуайымға, пессимизмге салынбағаны жөн. Ем алумен қатар, ағзаның күші, адамның көңіл-күйі оның құлантаза айығып кетуіне ықпал етеді.
Денсаулық сақтау министрлігі және санитарлық дәрігерлердің ұсынымдары мен талаптарын естен шығармауды сұраймын. Мұның бәрі мемлекеттің ең басты игілігі – сіздердің, Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған", – деді мемлекет басшысы.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев ұзақ мерзімді коронавирус пандемиясына дайындықты бастауға шақырды