2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Үш қазақ Моңғолия парламентінің мүшесі атанды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Моңғолия азаматтығы бар үш этникалық қазақ моңғол парламентіне мүше болды. Олардың бірі министр қызметін үш жыл бойы атқарып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Үш қазақ Моңғолия парламентінің мүшесі атанды

Моңғолия парламентінің ғимараты. Фото: PxHere.com

66 жастағы министр Беделхан Қабдіисламұлы, 44 жастағы кәсіпкер Әубәкір Тілеуханұлы және 58 жастағы дәрігер Бейсен Бұланұлы Моңғолиядағы жаңа парламенттің мүшелері атанды. Олардың барлығы Баян-Өлгей аймағында тұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның хабарлауынша, Моңғолияда Парламент деп аталатын Ұлы мемлекеттік хурал мүшелері әр 4 жыл сайын сайланады екен. Биыл парламенттегі бір орынға 7 адам үміткер таласқа түсіпті.

Мандаттардың көп бөлігін Моңғолия Халықтық партиясы жеңіп алды, 10-нан сәл астамы Демократиялық партияға тиді, қалғаны өзін-өзі ұсынған және басқа партиялар арасында бөлінді. Баян-Өлгей аудандарынан 15 кандидат ұсынылған, бірақ нәтижесінде үш этникалық қазақ аталған орынға ие болды.

Жаңадан сайланған депутат әрі қазіргі уақытта Құрылыс және қала құрылысы министрі болып табылатын Қабдіисламның айтуынша, ол парламенттегі орын үшін кафедра басшылығынан кетуге мәжбүр болыпты.

Басылым Монғолияның елде соңғы 5 жыл ішінде өмір сүрген 25 жастан асқан әрбір азаматы депутат бола алатындығын атап өтті.

Еске салсақ, биыл ақпан айында аспан асты еліне іс-сапармен болған Моңғолия делегациясы екі аптаға карантинге жатқызылған болатын. Олардың арасында ел президенті Халтмаагийн Баттулга да болғанын жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Үш қазақ Моңғолия парламентінің мүшесі атанды