Выйти
RU

ДДСҰ: Пандемияның екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

COVID-19 пандемиясының екінші толқыны бола қалса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра осындай жантүршігерлік болжам жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Пандемия осы күннің өзінде дүние жүзінд өршіп тұр. Әсіресе Еуропа елдерінде жағдай мәз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы карантин шараларын күшейту керек деп отыр.

"Соңғы екі аптада әлемнің 30 елінде кеселдің белең алуы байқалды. Оның 11-інде инфекцияның таралу динамикасы қарқын алды. Егер уақытында шара қабылданбаса, үлкен қиындыққа тап болуымыз мүмкін", - дейді Раньери Герра.

А. Данияр

Айта кетейік, жалпы бүгінде әлемде COVID-19 анықталғандар саны 10 миллион адамнан асты. Қайтыс болғандар жарты миллионға жетті. Жазылып шыққан 5 жарым миллион адам бар.

Ал елдегі жағдайға келер болсақ, соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавируспен ауырғандар саны 21327-ге жеткен. Ал ауру белгілері жоқ вирус тасушылардың саны 16 мыңнан асқан.

COVID-19-дан жазылып шыққандар 13008-ге жетсе, 188 адам аталмыш аурудың құрбаны болған. Өткен тәулікте елімізде тағы бес өлім жағдайы тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ДДСҰ: Пандемияның екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін