Выйти
RU

Маңғыстау облысында пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның батысында пневмонияға қатысты жағдай ушығып тұр. Маңғыстау облысының өзінде бұл аурудан бір тәулікте 19 өлім жағдайы тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмды

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен соңғы тәулікте облыс ауруханаларына пневмониямен 140 пациент түскен, қазіргі таңда аурудан қайтыс болғандар саны артуда.

Өңірде теннис орталығында пациенттерге қосымша төсек-орын дайындауға шешім қабылданған. Мұнда жансақтау орындар да жабдықталған. Алайда ауруханалар әзірге пациенттер ағынын қадағалап отыр, сондықтан орталық бос тұр.

Аймақта сонымен қатар, дәрігерлердің жетіспеушілігі де байқалуда. Теннис орталығында орналасқан ауруханаға 20-дан астам медицина қызметкері қажет.

Телернаның хабарлауынша, пандемия басталғалы бері өңірде сегіз жүз адамда пневмония анықталған, ал аурудан қайтыс болғандардың саны 74-ке жеткен.

Сонымен қатар тек осы айда 62 адам қайтыс болған Ақтөбе облысында да жағдай қиын.

Телеарна мәліметінше, дәріханалар мен ауруханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады, барлық ауруханалар науқастарға толы, рентген кабинеттерінің қасында ұзын-сонар кезек.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиевтің айтуынша, жақын күндері пациенттердің ағымы азаймаса, жаңа науқастарды жатқызатын орын болмайды.

Тағы да оқыңыздар

Петропавлда бес жасар бала коронавирус жұқтырды

Қазір әкімдік пациенттерді қабылдау үшін "Чайка" санаторийін дайындауда, сондай-ақ. жеке клиникалармен келіссөздер жүргізілуде.

Дереккөз: КТК

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше мемлекет басшысы коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес жөніндегі кеңес өткізіп, вице-премьер мен бірқатар әкімдерге сөгіс жариялады. Олардың арасында Ақтөбе облысының әкімі де бар.

Сондай-ақ елде қайта қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстау облысында пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмған