Выйти
RU

Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 492 адам коронавируспен ауырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Өткен тәулікте тағы 492 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21819-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"29 маусым 23:59-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Алматы қаласында - 59 адамнан, Нұр Сұлтан қаласында - 57 адамнан, Шығыс Қазақстан облысында - 51 адамнан, Қарағанды ​​облысында - 49 адамнан, Шымкент қаласында - 38 адамнан, Ақтөбе облысында - 34 адамнан, Батыс Қазақстан облысында - 31 адамнан, Павлодар облысында - 31 адамнан, Қостанай облысында - 27 адамнан, Атырау облысында - 23 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысы - 22 адамнан, Алматы облысында - 19 адамнан, Түркістан облысы - 14 адамнан, Қызылорда облысындп - 11 адамнан, Ақмола облысындп - 10 адамнан, Жамбыл облысында - 10 адамнан, Маңғыстау облысында - 6 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте Қазақстан бойынша ауру өсімі 2,3 пайызды құрады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дертті 13 мыңнан астам науқас жеңіп шықса, 188-i вирус салдарынан көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 492 адам коронавируспен ауырған