Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер азамат бұрынғы сүйіктісін терезе арқылы алып қашып кеткен

Опубликовано:

Алматы облысы Шамалған ауылында 21 жастағы аруды үйінің терезесі арқылы бұрынғы жігіті алып қашқан. Алайда ол көп ұзамай қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы өңірдің полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/police_almobl
Фото: Instagram/police_almobl: Instagram

Ведомство мәліметінше, түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны түнгі уақытта қызын ұрлап кеткендігін айтып, арызданған.

Оның сөзінше, белгісіз біреу терезені бұзып, күш қолдану қатерін төндіре қызын белгісіз бағытта алып кеткен.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері “Lexus 470” көлігін Қаскелең қаласында тоқтатқан. Онда 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болды. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен оны қорқытып, ұрлап кеткендігі анықталды.
Күдіктіні тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан, бойжеткенді қолымен және аяғымен соққыға жыққан", - дейді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Асхат Данияр.

Қазіргі уақытта ер азамат уақытша ұстау изоляторында. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар айғақзат ретінде тіркелген.

Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Аталған дерек қылмыстық кодекстің 125 бабы (Адам ұрлау) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында әлдекімдер көшеде кетіп бара жатқан әйелді ұрып соғып, зорлап кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862712-almaty-oblysynda-er-azamat-tn-ortasynda-bryngy-sjiktisin-tereze-arkyly-alyp-kasyp-ketken/

pixel