Выйти
RU

Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 1003 адам тіркелді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 29 маусымдағы жағдай бойынша жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1003 тасымалдаушы тіркелді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасушылардың саны 17642-ге жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 1519 Алматы қаласы - 1689 Шымкент қаласы - 1489 Ақмола облысы - 748 Ақтөбе облысы - 640 Алматы облысы - 1363 Атырау облысы - 2375 Шығыс Қазақстан облысы - 666 Жамбыл облысы - 746 Батыс Қазақстан облысы - 1253 Қарағанды ​​облысы - 2521 Қостанай облысы - 419 Қызылорда облысы - 518 Маңғыстау облысы - 615 Павлодар облысы - 317 Солтүстік Қазақстан облысы - 913 Түркістан облысы - 854

Соңғы дерек бойынша елімізде қауіпті дерт жиырма екі мыңға жуық адамнан анықталды. Олардың 13 мыңнан астамы инфекцияны жеңіп шықса, 188-і вирус салдарынан көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласында, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында тіркелген.

Еске сала кетсек, осыған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бас директорының стратегиялық мәселелер жөніндегі көмекшісі Раньери Герра пандемияның екінші толқыны болса, миллиондаған адам қайтыс болуы мүмкін екенін болжаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Елімізде бір күнде ауру белгілері жоқ 1003 адам тіркелді