Выйти
RU

Франция экс-премьер-министрі әйелін жұмысқа жалған орналастырғаны үшін жауапқа тартылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Францияда президенттікке бұрынғы үміткер Франсуа Фийон әйелін жұмысқа жалған орналастырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды және тағы үш жылға шартты түрде сотталды. Сонымен қатар, Франсуа мен оның жұбайына айыппұл салынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ DW cайтына сілтеме жасап.

Франция экс-премьер-министрі әйелін жұмысқа жалған орналастырғаны үшін жауапқа тартылды

Фото: Getty Images/B.Guay

Франсуа Фийонға қатысты сот шешімі 29 маусым күні Парижде шыққан.

Сонымен қатар, ол 375 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуі керек. Экс-премьер-министрдің жары Пенелопа да сол мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті. Ол шартты түрде үш жылға сотталған.

Сот Франсуаны әйелі мен балаларына істемеген жұмыстары үшін мемлекеттік қаражаттан сыйақы төледі деп айыптаған.

Тергеу мәліметтері бойынша, Пенелопа Фиийон парламент аппаратының қызметкері ретінде жұмысқа жалған тұрып, бірнеше жыл бойы 800 мың еуро алып отырған көрінеді.

Ол өзінің іс жүзінде бірнеше міндеттерді атқарғанын, алайда бес баланың тәрбиесімен айналысуы керек болғандықтан қашықтықтан жұмыс істегенін айтқан.

Ерлі-зайыптылар сот шешіміне қарсы арыз беруге ниетті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирус пандемиясынан айтарлықтай зардап шеккен Францияның оқшауланудан шығудың екінші кезеңіне өтетінін мәлімдегені туралы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Франция экс-премьер-министрі әйелін жұмысқа жалған орналастырғаны үшін жауапқа тартылды