Выйти
RU

Карантинмен және карантинсіз: Министр эпиджағдайға қатысты үш сценарий ұсынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен коронавируспен күрес мәселесіне байланысты жиын өтті. Отырыста Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты болжамдар айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Министр елдегі эпиджағдайға байланысы үш сценарий ұсынды

Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Tengrinews.kz ақпарынша, жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі коронавирус жағдайының үш даму сценариін ұсынған.

Бірінші сценарий: Қазақстан карантин енгізбейді. Онда елде күніне вирус жұқтырған, ауруханаға жатқызуды қажет ететін шамамен 27 мың адам тіркеледі. Оларды ауруханаға жатқызу үшін 300 мың төсек-орын керек.

Екінші сценарий: 2 аптаға ұлттық локдаун енгізіледі. Бұл жағдайда күніне коронавирус жұқтыру дерегі 7 мыңға дейін жетеді. Ауруханаларға 80 мың төсек-орын қажет болады.

Үшінші сценарий: 4 аптаға локдаун енгізіледі. Күнделікті жаңа пациенттер саны 2,5 мың болады. Ауруханаларда 30 мың төсек-орын қажеттілігі туындайды.

Тағы да оқыңыздар

Мәжіліс депутаты карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынды

Айта кетейік, бұған дейін Алексей Цойдың елдегі жағдайға талдау жасап, коронавируспен күрес жоспарын ұсынғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар, министр азаматтар алдағы жылдары коронавируспен өмір сүруге үйренісуі керек екенін де айтты. Осы бағытта тәрбие жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік және еңбекке бейімделу құралдары енгізілмек.

Сондай-ақ, Цой "үкіметпен бірге COVID-19-қа қарсы" қағидатын іске асыру үшін жүйелік шаралар әзірлеп, әкімдіктер мен орталық мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу қажеттігін де алға тартты. Бұл қағидат: дайындық, карантиндік (2-4 апта) және толықтай енгізу секілді 3 кезеңде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантинмен және карантинсіз: Министр эпиджағдайға қатысты үш сценарий ұсынды