RU

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда

39 жастағы угандалық Мариам бүгінде 38 бала тәрбиелеп отыр. Оның ең үлкен ұлы 23 жаста, ал сүт кенжесі небәрі 5 айлық. Алтын құрсақты ананың тағдыры әлем жұртының назарын өзіне аударды деп жазады KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

Набатандықтар Марьямды Угададағы алтын құрсақты ана деп атайды. Қазіргі уақытта әйелдің жасы 39-да, ол болашақта әлі де ана атануы әбден мүмкін.

Мариам осы жасқа дейін 44 баланы дүниеге әкелген, алайда олардың алтауы сәби күнінде шетінеп кеткен.

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

Айта кету керек, келіншек 13 жасында өзінен бірнеше жасқа үлкен ер азаматқа тұрмысқа шыққан. Ол Мариамды ренжітіп, жиі қол көтеретін болған. Уганданың заңы бойынша әйел бәріне төзу керек.

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

Ал Мариам 38 баласын дүниеге әкеліп, алтын құрсақты ана атанғанда оның күйеуі отбасын тастап кетеді. Сол себепті Мариам балаларын жалғыз өзі асырауға мәжбүр.

Бір қызығы, Мариамның барлық балалары, соның ішінде соңғы сәби де табиғи жолмен дүниеге келген, ал жүктілік және босану кезінде ешқашандай асқынулар болмаған.

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

Мариам балаларының арасында алты егіз, төрт үшем және төрт төртем бар. Ол тағы үш рет бір баладан дүниеге әкелген.

39 жасында 38 баланың анасы атанған әйел көпті таңғалдыруда
Фото: bigpicture.ru: UGC

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 13 ұлды тәрбиелеп отырған бразилиялық ерлі-зайыптылар туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862737-39-zasynda-38-balany-anasy-atangan-jel-kpti-tagaldyruda.html