Выйти
RU

Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап еліміздің мектептерінде "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан енгізілетінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында айтып берді.

"2021 жылдан бастап "Цифрлық сауаттылық" пәні бірінші сыныптан бастап енетін болады. Балалар мектепте оқығанда алгоритмді, ақпараттық гигиена мен қауіпсіздікті, кодтау тілін үйренбек. Робототехника негіздерін меңгереді", - деді ол.

Сондай-ақ, білім және ғылым министрінің сөзінше, оқушылар iOS, Android операциялық жүйелерін үйренеді. Ол үшін облыс орталықтарында жаңа 25 арнаулы ІТ лицей ашылған.

Одан бөлек, еліміз бойынша 447 STEM зертханасы мен екі мыңға жуық робот техникасы кабинеті ұйымдастырылды. Оқушылар сарайларында 560-тан астам балалар технопаркі мен робот техникасы кабинеті жұмыс істейді.

"Бірақ, бұл әлі де жеткіліксіз деп есептейміз. Осыған байланысты, арнаулы программалау мектептерін әр облыста ашуды әкімдіктерге тапсыруды сұраймын", - деді Аймағамбетов.

Еске сала кетсек, осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді қағазбастылықтан арылту жұмыстары туралы айтып берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Келесі жылы бірінші сынып оқушыларына жаңа пән енгізіледі