Выйти
RU

Цой: Қазақстандағы эпидемиялық жағдай үйде тарау сатысына көшті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның жаңа тағайындалған денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникация қызметінде бірінші онлайн-брифингін өткізді. ДСМ басшысы елдегі коронавирус эпидемиясы "үйде тарау" сатысына көшкенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Цой: Қазақстандағы эпидемиялық жағдай үйде тарау сатысына көшті

Алексей Цой. Фото: Орталық коммуникация қызметі

"Жағдай үйде тарау сатысына көшті. Вирус халық арасында жүр, бұл дерт әр жанұяға әсер етті. Коронавирус таралуы артып келеді. 30 маусымда Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 40 мыңға жуықтады, қайғылы жағдайлар да тіркелді",- деді министр.

Цойдың сөзінше, медицина қызметкерлерінің ауыртпалығы мен ауру жұқтыру деректеріне қарамастан, елде ресурстар жеткілікті. Үкімет жақын арада жағдайды тұрақтандыратын жаңа шаралар пакетін қабылдайды.

Министр қазақстандықтар мессенджерлердегі хабарламаларды оқып, дәріханалардан дене қызуын түсіретін дәрі сатып алып жатқанын мәлімдеді. Терафлю мен Ингавенир коронавирусты емдеуге арналған хаттамаға кірмесе де, жетіспеушілік туындатпас үшін елге олардың 49000 және 70000 қаптамасы жеткізілген.

Цойдың сөзінше, Қазақстанда өкпенің компьютерлік томографиясына кезекті қысқарту үшін цифрлық рентген аппараттары пайдаланылады. Олар қолжетімді әрі арзан, сондай-ақ, пневмонияны анықтайды.

Министр елде COVID-19 инфекциясын анықтайтын тест санын да арттыруға уәде берді.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы елдегі коронавирус жағдайының үш даму сценариін ұсынды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Цой: Қазақстандағы эпидемиялық жағдай үйде тарау сатысына көшті