Выйти
RU

"Жедел жәрдемге шағым көбейді": Елімізде корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігінің артуына байланысты корона-такси қызметін жүзеге асыру жоспарланып отырғанын мәлім етті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы Алексей Цой орқалық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

"Халықты тестпен барынша қамтамасыз ету үшін жедел жәрдем бригадалары шақырылған жерге барып, тест алады. Әр өңірде коронавирус бойынша халықты тестпен қамту үшін эпидемиологиялық жағдайға байланысты талаптарды айқындау көзделіп отыр", - деді министр.

Оның сөзінше, қазіргі кезде халық тарапынан жедел жәрдем қызметіне шағым көбейіп кеткен.

"Елімізде жедел жәрдем шақыру жиілігі 1,8 есе артып кетті. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында тіпті 2-2,5 жарым есе көбейген. Бригадалар мен жедел жәрдем көлігінің жетіспеу мәселесі өте өзекті болып тұр. Бүгінге дейін отандық өндірістегі 807 автокөлікті сатып алу туралы келісімге қол жетті.
Сонымен бірге медициналық емес ұйымдардың көлігінің көмегімен корона-такси қызметін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныстар ведомствоаралық комиссияның қарауына берілді. Қолдауға ие болар деген үміттемін", - деді Цой.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрі коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгергенін мәлімдеген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жедел жәрдемге шағым көбейді": Елімізде корона-такси қызметі іске қосылуы мүмкін