Выйти
RU

Бірден көпбалалы атанды: Павлодарда үшем дүниеге келді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі ұл және бір қызды дүниеге әкелді. Қазір жас босанған ана мен сәбилер павлодарлық дәрігерлердің бақылауында деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық перинаталдық орталыққа сілтеме жасап.

Бірден көпбалалы атанды: Павлодарда үшем дүниеге келді

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ халаттылардың мәліметінше, келіншек мерзімінен бұрын босанған. Салмағы екі келіден сәл асатын екі ұл және салмағы бір келі 600 грамм болған бір қыз дүниеге келген.

Қазір екі бала шала туған деген диагнозбен патология бөлімінде жатыр. Ал қыз баланың жағдайы жақсы.

"Бұл жоспарланған жүктілік, олар баланы көптен күткен. Босану табиғи жолмен өтті. Жүктілік кезінде де қиындықтар болмады. 36 аптаның ішінде үш керемет сәби дүниеге келді", - дейді Павлодар облыстық перинаталдық орталықтың жаңа туған сәбилер патологиясы бөлімінің меңгерушісі Шолпан Құрманова.

Перинаталдық орталықтың хабарлауынша, әйел адам қазір палатада тек бір баласымен жатыр. Дәрігерлер қалған екі ұлды толық тексергеннен кейін анасына бермек.

Айта кетейік, отбасының үшемнен бөлек тағы екі баласы бар.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отыз жыл бойы сәби сүйе алмаған алматылық әйелдің 49 жасында егіз ұл босанғаны туралы жазған едік.

54 жастағы Алматы қаласының тұрғыны Қансұлу Әбдімұратова тұрмысқа шыққан соң ұзақ уақыт бойы сәби сүйе алмаған. Жақсылықтан үміт үзбеген ол 30 жылдан кейін балалы болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бірден көпбалалы атанды: Павлодарда үшем дүниеге келді