Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүректен кетті": Белгілі сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

Опубликовано:

Отандық танымал сиқыршы Камал Қоңқараев қайтыс болды. Қаралы хабарды белгілі дәстүрлі әнші Еркін Шүкіман жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/Еркін Шүкіман. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Facebook/Еркін Шүкіман. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Өнер иесі Facebook парақшасында өнердегі ағасына деген қимастығын білдірді.

"Арманы көп, жаны тап-таза ағам еді. Сіз де көштіңіз бе өмірден, Камал аға?.. Алла алдыңыздан жарылқасын" , - деп жазды Еркін Шүкіман.

Сонымен қатар, белгілі актер Берік Уәлиев сиқыршының неден қайтыс болғанын хабарлады. Оның жазбасына сәйкес, Камал Қоңқарбаев жүрек ауруынан көз жұмған.

"Суық хабарды естіп. Сене алмай Камал ағама телефон шалдым. Арғы жағынан жеңешем алды. Жүректен кетіпті. Амал қанша,жатқан жері жайлы болсын! Ағамызды ертең, яғни 1 күні таңертең шығарады" , - деп жазды ол парақшасында.

Белгілі болғандай, сиқыршының жаназасы ертең, "Көктем" шипажайы маңында, Курортная 220 мекен-жайында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862776-zrekten-ketti-belgili-sikyrsy-kamal-kokaraev-mirden-ozdy/

pixel