Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы мен Нұр-Сұлтанда блок-бекет": Үкімет желіде тараған хабарламаға пікір білдірді

Опубликовано:

Үкіметтің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде 30 маусымнан бастап Қазақстанда шектеу шараларының енгізілетіні, қалаларды жауып, блок-бекеттердің қойылатыны туралы тараған хабарламаға қатысты пікір білдірді. Ақпарат жалған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алматы мен Нұр-Сұлтандағы блок-бекеттер": Үкімет ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Фото: NUR.KZ: Depositphotos
"Қазақстанда шектеулі шаралар 30.06.2020 күні сағат 00:00-ден бастап белгісіз мерзімге күшейтіледі", – делінген ведомствоаралық мемлекеттік комиссияға сілтеме жасалған ақпараттық хабарлама қазақстандықтар арасында тараған.

Хабарламада, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлер, фитнес-орталықтар жабылады, кафе мен мейрамханада отыруға тыйым салынады, автобустар тоқтайды делінген.

Тараған жалған ақпаратқа сәйкес, қалаларда наурыз-мамыр айларындағыдай блок-бекеттер орнатылып, жабылуы керек екен.

Сонымен қатар еліміздің басқа қалаларында қоғамдық орындар жабылып, 65 жастан асқан азаматтарға жаяу жүруге тыйым салынады мыс.

Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

"Әлеуметтік желіде ведомствоаралық комиссия мақұлдаған қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама таралып жатыр. Мессенджерлер арқылы тараған хабарлама жалған әрі шындыққа жанаспайды. Ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз", – деп хабардар етті министрлер кабинетінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.

Бүгін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте елімізде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға әсер етудің екі нұсқасы қаралып жатқанын айтты.

Елде не карантин, не қатаң шектеу шаралары енгізілуі мүмкін. Түпкілікті шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайтын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862780-almaty-men-nr-sltanda-blok-beketter-kimet-zelide-taragan-habarlamaga-pikir-bildirdi/

pixel