Выйти
RU

"Ауруы да, сауы да сапырылысып жүр": Белгілі продюсер отандастарына шүйлікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал продюсер Әлия Құдайбергенова мемлекет бойынша қатаң карантин режимін тағы да енгізуді талап етуде. Ол шектеу шаралары жеңілдетілгеннен кейін індет өрши түсті деп ойлайды. Телевизия маманы қауіпті вирусқа немқұрайлы қарап жүрген отандастарына шүйлікті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova

Фото: Instagram/aliya.kudaibergenova

Әлия Құдайбергенова Instagram парақшасында азулы жазба жариялап, індет мәселесіне қатысты бар ойын айтты.

"Неге карантинге жаппайды? Мынау күн сайын өршіп бара жатыр ғой! Көше, дәріхана, аурухана адамға толы. Бәрі араласып, ауруы да, сауы да сапырылысып жүр. Қырыққа да толмаған таныс апайым бар еді, салонда істейтін. Үйдің іргесінде. Ауылына кеткен. Үш-ақ күн тұмаумен ауырып, таңертең қайтыс бопты. Себебі белгісіз. Естіп, есеңгіреп отырмын. Неге жаппай карантинге жаппай жатыр? Өткендегі карантинге жапқан кез әншейін боп қалды, мынаның жанында. Көп адамның дәрі алуға, ас-ауқат алуға ақшасы жоқ" , - деп жазды продюсер.

Айта кетейік, бұған дейін Айқын Төлепбергеннің коронавирус инфекциясын жұқтырып алғанын хабарлаған болатынбыз. Өнер иесі екі күн бойы үйінде ауырып, кейін жағдайы нашарлап ауруханаға жатқызылған. Өнер иесінің жары мен қызы да сырқаттанып қалды.

Тағы да оқыңыздар

"Вирустың көкесі енді келді": Мақсат Толықбай халыққа маңызды үндеу жасады

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Ауруы да, сауы да сапырылысып жүр": Белгілі продюсер отандастарына шүйлікті