Выйти
RU

"Карантин күшейтілсін": Сиви Махмуди вирусқа қатысты өз ойын ашық жеткізді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди карантин шараларын қайтадан күшейтуді талап етті. Өнер иесі соңғы уақытта коронавирус жұқтырып жатқан адамдар мен қауіпті індеттен орын алған өлімдер саны күрт өсіп кеткеніне алаңдаулы. Ол мәселені дер кезінде шешу керек екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Фото: Instagram/sivi_makhmudi

Сиви Махмуди бұл жайсыз жағдайға ел азаматы әрі үш баланың анасы ретінде аса қатты уайымдайтынын айтты.

Әнші Instagram парақшасында карантин кезінде тапшылық көрген бизнес иелеріне қатысты пікір білдірді. Ол кәсіпкерлерге сауданы уақытша қоя тұрып, амандықты ойлауға шақырды.

"Байқайсыз ба? Ірі сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары ашылғалы науқастар саны күрт өсті. Ең өкініштісі, өлім көбейіп барады. Ел ертеңі үшін алаңдаймын. Ана ретінде балапандарымыздың ауырмағандарын қалаймын. Түсінемін, табыс көзі, әлеуметтің әлеуеті - сауда болып тұр. Бірақ амандығымыздан артығы жоқ. Дүние қуып жеткізбейді, ал жақындарымыздан айрылып қалсақ, орны толмас қаза сол. Үндеу жолдаймыз! Карантин күшейтілсін, тазалық, тәртіп сақталсын. Басымыз аман болсын! Сіздер қалай ойлайсыздар? Пікірлеріңіз маңызды", - деп өз ойымен бөлісті Сиви Махмуди.

Тағы да оқыңыздар

"Вирустың көкесі енді келді": Мақсат Толықбай халыққа маңызды үндеу жасады

Айта кетейік, бұған дейін продюсер Әлия Құдайбергенова да карантин талаптарын күшейтуды талап еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Карантин күшейтілсін": Сиви Махмуди вирусқа қатысты өз ойын ашық жеткізді