Выйти
RU

Министрлік COVID-19 жұқтырғандарды емдеу хаттамасын өзгертті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау вице-министрі Facebook желісінде елдегі коронавирусты емдеу және диагностикалау хаттамасына енгізілген бірнеше өзгерісті жариялады. Олардың арасында симптомдары үдемеген пациенттерді ары қарай үйден емделуге жіберу бар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Министрлік COVID-19 жұқтырғандарды емдеу хаттамасын өзгертті

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр орынбасары Людмила Бұйрабекова денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 жұқтырғандарға қарсы антибактериалды препараттар қабылдауды қайта қарастырғанын мәлім етті. Енді пациенттің өкпесіне зақым тисе, антибактериалды препараттар тек бактериалды түрде зақымданғанда ғана беріледі.

Орташа ауыр халдегі пациенттерге ауруханаға келмес бұрын үйде жатқанда вирусқа қарсы препарат тағайындау ұсынылып отыр. Препараттар арасында "Гидроксихлорохин" және "Лопинавир/Ритонавир" бар. Ал стационарларда "Фавипиравир"қолданыла бастайды. Бұл препаратты Ресей ме Жапония пайдаланады, ал ауыр жағдайларда "Дексаметазон" қолданылады.

Сондай-ақ, науқастарда тромбтардың пайда болу қаупінің алдын алу үшін қан ұюының баяулауына ықпал ететін ем жүргізіледі.

Ал үш күнде симптомдары өршімеген науқастар стационардан үйге шығарылады. Үш күнде пациенттердің дене қызуы көтерілмесе, симптомдар қайта пайда болмаса, рентгенде немесе компьютерлік томографияда өкпенің оң динамикасы байқалса, талдаулар қабыну және коагулопатия (қан ұюының бұзылуы) маркерлері дамуының жоқ екенін көрсетсе, олар "сауығушылар" (реконвалесцент) ретінде есепке алынады.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандықтарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын бес ережені еске салды. Олардың арасында құшақтасу мен қол ұстасудан бас тарту да бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр тұрғындар арасында COVID-19 тарату тізбегін бұзу үшін қосымша шаралар қажет екенін мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік COVID-19 жұқтырғандарды емдеу хаттамасын өзгертті