Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Суға жатыңыз": Дене қызуын дәрісіз қалай түсіруге болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Қазіргі уақытта еліміздегі дәріханаларда дәрі тапшылығы байқалып жатқаны анық. Сол себепті көптеген халық дене қызуын қайтарудың түрлі амалдарын қарастырып әлек. Осыған орай, тәжірибелі терапевт дәрігер Рысгүл Пернебекова қазақстандықтарға кеңес берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Суға жатыңыз": Дене қызуын дәрісіз қалай түсіруге болатынын білесіз бе
Рысгүл Пернебекова. Фото: instagram: Original

Дәрігер дене қызуын түсірудің төрт түрлі тәсілін өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялаған.

Айтуынша, медициналық ақпараттар мен ережелерге сүйенсек, дене қызуы 39 жоғары болса ғана, физикалық жолмен түсіруге болады екен.

1. Науқас адамды 30-32 градусты суға немесе градусник салып отырмасаңыз, салқын емес, бөлме температурасындай суға, кішігірім ыңғайлы сүлгіге малып, қатты сықпай, мойынды, екі қолтық астын, екі шап аймағын, екі тізі буын астын ысқылап сүртіңіз. Сулы сүлгімен қайтадан дененің басқа бөліктерін сүртіңіз. Науқастанған адам қалшылдап тоңуы мүмкін, үстін жеңіл жабыңыз. Қалың орап тастамаңыз. Қажет болса әр 5-10 минут сайын, дене қызуы түскенше қайталап жасай беріңіз. Қалыпты 36 градусқа түсіру қажет емес. Жағдайы дұрысталғанын сезінсеңіз болғаны.
2. Арақ, спирт, уксуспен сүртуге болмайды! Әсіресе балаларды. Себебі арақ, спирт, уксус тері арқылы ағзаға сіңіп, әсіресе балаларға өте зиян. БАЛАЛАРҒА БОЛМАЙДЫ! Артық қылам деп, тыртық қылып қоймаңыз. Неврологиялық асқынуларға алып келуі мүмкін.
3. Үлкендерді арақпен сүртуге болмайды деп, кесіп айтпай-ақ қояйын. Тәжірбиемізде көп жағдайда сүртіп жатады. Зиянды әсерлері көп кездеспейді. Бірақ кейбірі дұрыс сүртпей, терілерін күйдіріп алады. Дұрысы қалай? Арақ пен су 50/50. ҚОЛДАНУҒА КЕҢЕС БЕРМЕЙМІН!
4. Егер дене қызуы 40-41 градустан жоғары, жылы сумен физикалық сүртуден кетпей жатса, көнбей жатса, жедел жәрдем келмей жатса, науқас адамның температурасынан 1 градус төмен ванна суға салуға болады. Яғни дене қызуы 41 болса, онда судың температурасы 40 болуы керек. Ваннадағы суды 10 минут ішінде жаймен салқындатып отырасыз, 37 градустан түсіріп жібермеңіз. Ваннадағы суда 10 минуттан артық жатудың қажеті жоқ.

Еске сала кетсек, Қазақстанда пневмониямен ауыратын науқастардың саны күннен күнге артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, көптеген науқаста ауру жаңа коронавирус тудыруға себеп болуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862821-suga-zatyyz-dene-kyzuyn-drisiz-kalaj-tsiruge-bolatynyn-bilesiz-be/

pixel