RU

Қазақ қызы Францияда қала мэрінің орынбасары атанды (фото, видео)

Иесим Махмұтқызы Францияның Крайл қаласы басшысының орынбасары болды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Арман Тұрлыбектің ресми парақшасына сілтеме жасап.

Францияда қазақ қызы мэрдің орынбасары атанды (фото, видео)
Фото: facebook.com/Арман Тұрлыбек: Depositphotos

Тұрлыбек бұл жаңалықты өз аккаунтында жария етті.

Саясаткердің айтуынша, жағымды жаңалықты Франциядағы қазақтар қауымдастығын басқаратын әкімнің жаңа орынбасарының әкесі хабарлаған.

Тұрлыбектің сөздерінше, Иесим – Зұқа батырдың шөбересі.

Арман Алашұлы қазақ қызына жаңа жұмысында сәттілік тіледі. Жазылушылар Арман Тұрлыбектің құттықтауларына қосылып, оған Франциядағы қала басшысының орынбасары қызметінде табыс тіледі.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски АҚШ-тағы Гранд-Форкс қаласының мэрі болды. Ол әкім сайлауында жеңіске жеткен.

Өзінің жеңісіне қатысты пікір білдірген жаңа әкім қаланы өзгертуге дайын екенін айтты және гүлденуіне өзінің қолынан келгенше үлес қосатынын айтты.

Моңғолия азаматтығы бар үш этникалық қазақ моңғол парламентіне мүше болды. Олардың бірі министр қызметін үш жыл бойы атқарып келген. 66 жастағы министр Беделхан Қабдіисламұлы, 44 жастағы кәсіпкер Әубәкір Тілеуханұлы және 58 жастағы дәрігер Бейсен Бұланұлы Моңғолиядағы жаңа парламенттің мүшелері атанды.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1862830-kazak-kyzy-franciada-kala-merini-orynbasary-atandy-foto-video.html