Выйти
RU

Коронавирус: Ресей Қазақстанға көмектесу үшін мамандар жібермекші

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға арнайы мамандар жібереді. Бұл туралы үкімет басшысы Асқар Мамин Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлескенде белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Коронавирус: Ресей Қазақстанға көмектесу үшін мамандар жібермекші

Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет басшылары әңгіме барысында CОVID-19 инфекциясының таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлген.

"Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығын материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді", - делінген ресми орган таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, қос тарап сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 492 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырған жалпы науқастар саны 21819-ға жетті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: Ресей Қазақстанға көмектесу үшін мамандар жібермекші