RU

"Анасына көмек керек": Салмағы 350 келі болған қарағандылық азамат қайтыс болды

Салмағы 350 келі тартқан қазақстандық азамат анасымен бірге тұрған. Оның өлімі туралы Қарағанды қалалық еріктілер клубы хабарлады. Қазіргі кезде марқұмның денесін мәйітханадан шығарып алу үшін мәсеселер туындаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Getty Images

Қарағанда қаласының еріктілері жергілікті тұрғынның өтінішін желіде жеткізген.

Онда әйел ұлының денесін мәйітханадан алып кету үшін арнайы техникалық көлік іздеп жатқаны айтылған. Хабарламада ер адамның 29 маусым күні жүрегі тоқтап, көз жұмғаны жазылды.

"Анасы қалалық қызметтің барлық түрлеріне хабарласып шыққанша, ол бірнеше сағат бойы үйде жатты. Алайда оған ешкім көмектеспеді. Қиын жағдайға қалған әйел осыдан кейін бізге қоңырау шалды. Біз әлеуметтік желілерде жазба жарияладық. Оған жүрегі кең азаматтар тіл қатты. Олар транспорт тауып беріп қана қоймай, мәйітті пәтерден шығарысуға да көмектесті", - деді еріктілер.

Қазір марқұмның денесі мәйітханада жатыр. Оның жерлеу рәсімі 1 шілдеде өтеді деп жоспарланған.

Алайда ер адамның анасына ұлын ақтық сапарға шығарып салу шарасын жалғыз өзі ұйымдастыру қиынға соқпақ, сондықтан еріктілер қалалықтардан көмек сұрап отыр.

Сонымен қатар олар мәйітті көтеріп жерге түсіру үшін манипулятор іздестіруде.

"Манипулятор ақысыз қажет. Әйел жалғыз, оны төлей алмайды. Марқұмның анасына бізден басқа ешкім көмектесе алмайды", - деді еріктілер іғқ парақшасында.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1862844-anasyna-kmek-kerek-salmagy-350-keli-bolgan-karagandylyk-azamat-kajtys-boldy.html