Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бірнеше бағыттағы пойыздар уақытша тоқтатылады

Опубликовано:

"Жолаушылар тасымал" АҚ елімізде бірнеше бағытта жүретін пойыздар уақытша жолға шықпайды. Бұл жайында "Қазақстан Теміржолының" баспасөз қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Үш бағыттағы коммерциялық пойыздар шілдеден бастап қызметін уақытша тоқтатпақ. Олардың барлығы да Тальго вагондарынан жасақталған:

  • № 19/20 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Атырау" рейсі. Пойыз Нұр-Сұлтанның "Нұрлы жол" вокзалынан 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Атырауға 2 шілдеде жетуі керек болған;
  • № 95/96 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Орал" рейсі. Нұр-Сұлтанның "Нұрлы жол" вокзалынан 2020 жылдың 2 шілдесінде шығып, Орал қаласына 3 шілдеде жетуі керек болған;
  • № 701/702 "Алматы-2 - Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" рейсі. Алматы-2-ден 2020 жылдың 1 шілдесінде шығып, Нұр-Сұлтанның "Нұрлы жол" вокзалына 2 шілдеде жетуі керек болған.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар билеттерін өткізіп, ақысын толық қайтарып ала алады немесе өзге пойыздардың билетіне ауыстыра алады.

Айта кетейік, бұған дейін 1 маусымнан бастап еліміздің қай қалаларына пойыздар қатынайтынын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862848-elimizde-birnese-bagyttagy-pojyzdar-uakytsa-toktatylady/

pixel