Выйти
RU

"Малмыз": Отандық журналист жауапкершілігі жоқ адамдарды сынның астына алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист әрі желі белсендісі Баян Хасанова коронавирус инфекциясымен ауырған таныстарына ренішін білдірді. Оның сөзінше, еліміздегі науқастардың көбісінде жауапкершілік жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Баян Хасанова

Фото: Facebook/Баян Хасанова

"Ешкімге ренжудің қажеті жоқ. Біз - малмыз! Ауырған таныстарым туралы... Екі-үш күн температурамен жатып, басын көтере салып көшеге (жұмысқа, базарға, анда-мына) шығып кеткен.

Былай қарасаң сауатты адамдар. Оқуы мен тоқуы бар. Вирустың адам бойында 14 күн сақталатынын біледі. Температура түсіп, бас көтергеніңмен, өкпеге кез келген сәтте түсіп кетуі мүмкін екенін оқып-көріп, естіп жүр.

Жауапкершілік - 0! Өзім жазылсам болды, басқасы өлмесе өміреп қапсын деген әңгіме! Айналасында кәрі, созылмалы ауруы бар адамдардың, балалардың жүргенін ойламайды. Оған жеңіл тиген ауру біреудің өмірін жалмауы мүмкін екенін түсінбей ме, білмеймін.

Тағы да оқыңыздар

"Вирустың көкесі енді келді": Мақсат Толықбай халыққа маңызды үндеу жасады

Одан қалса - жасыру. Өзі пневмония болып тұрып, маған үйіңе кет деп ұрсатын, дүкеніне бүкіл ауыл баратын көршім бар, жалақымды ұстап қалады деп бастығына айтуға қорыққан сіңлім бар - бәрі Covid-ті мойындағысы келмейді!

Бәрінен бұрын қинайтыны - кержақ блогерлер мен дүмшемолдалар. Бүкіл ел аузына қарап отыр деу жоқ. Екі ай карантинде "Вирус жоқ! Вирус жоқ" деп қаңқылдап еді. Енді ел қырылып жатқанда, бұл саяси ойын, мұны әдейі ойлап тауыпты-мыс. Үкімет не қарап отыр деген әңгімелермен елдің басын қатырып бітті.

Әй, адам ойлап тапсын, құдай ойлап тапсын, мейлі. Енді ешкім оған қарсы ештеңе істей алмайды. Тарайтын вирус тарап жатыр. Шынымен сені тыңдайтын, сенің сөзіңе сенетін он адам, жүз адам бар ма, болды ғой. Соларға "Үйде отыр" деп айт. Бір адамға болсын пайдамыз тисін. Кесірін тигізіп жатқандар онсыз да көп. Біздің қолымыздан келетін жалғыз нәрсе - сақтану, жақындарымызды сақтау!

Тағы да оқыңыздар

"Бәрі аферист, алаяқ": Коронавирус жұқтырған шенділерді сынға алған ақын елді дүрліктірді

  • Сосын мойындамау бар. Немқұрайлылық, бәлкім сауатсыздық шығар. Қалай болғанда уақыт оздырып алып, сан соғып жатқар көп. Оларға енді шынымен мемлекет тарапынан ақпарат жетіспейді. Мұрын мен тамақ қышыса болды, дереу көбірек сұйық ішіп, үйде оқшауланып, дәрумендер, ыстық сорпа іш деп үлкен адамға айту керек пе өзі?

Күйіп кеттім. Барлығы көзі ашық, көкірегі ояу адамдар, Шухрат Шоқан деген сияқты әншісымақ біреудің "Самолетпен у шашып жүр" дегеніне сеніп, соны басқаларға тықпалайтынын қайтерсің.

Ойымды шашып алдым, ішім толып тұр, жазатын нәрсе көп. Елге ақыл айта бергенше, өзім барып өкпеме КТ жасатып қайтайын. Арқам мен жүрек тұсым әлі шаншып қояды", - деп жазды төртінші билік өкілі Facebook-тегі парақшасында.

Еске сала кетсек, осыған дейін белгілі заңгер Айгүл Орынбек науқастардың мешітке жатқызу керек деген ұсынысы үшін көпшіліктің қарсылығына ұшыраған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Малмыз": Отандық журналист жауапкершілігі жоқ адамдарды сынның астына алды