Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Алтын Орда" базары өртке оранды (фото, видео)

Опубликовано:

Оңтүстік астанада алматылықтар мен өңір тұрғындары арасында аса танымал "Алтын Орда" базарынан өрт шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Өрт туралы әлеуметтік желілерден белгілі болды. Төтенше жағдай куәгерлері оқиға орнынан видеомен бөлісті. Бейнеролик Instagram желісіндегі kaskelenkz парақшасында жарияланды.

Видеодан өртеніп жатқан құрылыстан қара түтін шығып жатқаны көрінеді. Оған қоса, кадрлардан өрт сөндіруші қызметкерлердің жүргенін байқауға болады.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Алматы облысының ТЖД өрт жөніндегі ақпарат диспетчер пультіне сағат 16:23 шамасында түскенін мәлімдеді. Белгілі болғандай, өрт базар аумағындағы асханадан шыққан.

Оқиға орнына Алматы қаласы мен Алматы облысының ТЖД күші жұмылдырылған. Өрт сөндіруге 20 қызметкер мен төрт арнайы техника қатысты.

Жалын 17:33-те толығымен сөндірілді. Өрт ауданы 240 шаршы метрді құрады.

Төтенше жағдайдың себеп-салдары анықталып жатыр.

Фото: ҚР ІІМ ТЖК
Фото: ҚР ІІМ ТЖК: Depositphotos

Еске сала кетейік, Алматыда осыдан екі апта бұрын "ADK" сауда орталығының маңынан да өрт шыққан болатын.

NUR.KZ тілшілері оқиға орнына барып қайтып, жалын сауда кешенінің аумағынан шықпағаны белгілі болды. Орталықтың артында орналасқан мекеменің ғимараты өртке оранған.

Қалалық ТЖД басшысы оқиғаның мән-жайын баяндап, төтенше жағдай кезінде ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Желіде сауда ортылығындағы адамдарды эвакуациялап жатқан сәттен видеолар тарап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1862860-almatyda-altyn-orda-bazary-rtke-orandy-foto-video/

pixel