Выйти
RU

Оралда коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлейтінін көрсетті (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

БҚО-ның облыс орталығында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды жерлеу үшін арнайы жер телімі бөлінді. Ол қалалық қорымнан алшақ орналасқан. Қауіпті інденттен көз жұмғандарды обаға қарсы киімдегі арнайы дайындалған адамдар жерлейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл жерді табу өте қиын. Жер телімі өзге зираттардан айтарлықтай алшақтау орналасқан. Мұсылман және христиан бейіттер арасы оншақты метрді құрайды.

"Корранвирустан қайтыс болғандарды жерлеудің арнайы тәртібі бар. Олардың денелері туысқандарына берілмейді. Мәйітханада марқұмдардың денесін қорғаныс киімдегі арнайы даярланған мамандар жуады.
Олардың денесі қорымға дейін санитар дәрігерлер мен полицейлердің қатысуымен арнайы көлікпен жеткізіледі. Олар жабық табытта жерленеді" , - деді БҚО бас санитар дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Алайда, бас санитар дәрігерінің орынбасары бүгінде жерлеу ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлады. Оған сәйкес, коронавирустан қайтыс болған науқастарды енді қарапайым қорымдарда жерлеуге рұқсат етілді.

"Ол үшін қауіпсіздіктің барлық шараларын орындап, адамдар арасындағы арақашықтықты сақтау қажет" , - деді Мұстаев.

Ескерту керек, марқұмның туыстары мен жақындары жерленетін жерден алшақта тұруға міндеттеледі. Бұл жерде олар діни рәсімдерін жүргізе алады.

Тағы да оқыңыздар

Өзбекстанда тойдан кейін барлық 250 мейман карантинге жіберілді

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Менің анам 25 маусым күні қайтыс болды. Оның денесін жерлеуге бермей қойды. Алайда, анамның өлімі туралы анықтамасында оның жүрек-қан тамырлары жеткіліксіздігі, өкпе эмболиясы мен диабеттен көз жұмғаны жазылып тұр. Анамды арнайы қорымда жерледі. Бізге тіпті оның заттарын да бермеді" , - деді Орал тұрғыны Наталья.

Өңірдегі коронавирусқа қатысты ауыр жағдайға байланысты көптеген марқұмдардың туыстары жерлеу рәсіміне қатыспауда.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Менің екі бауырым қайтыс болды. Біреусі коронавирус инфекциясынан, екіншісі қатерлі ісік пен КВИ-дан көз жұмды. Мен олардың жаназасында болмадым. Жақындарыңмен қоштаса алмайтыны қатты қынжылтады" , - деді қаланың өзге тұрғыны Лұқпан.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Оралда коронавирустан көз жұмғандарды қалай жерлейтінін көрсетті (фото)