Выйти
RU

Еліміздің әр өңірінде дәріхана алдында кезекте тұрғандар видеоға түсіп қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтар вирусқа қарсы дәрілерді сатып алу үшін дәріханаларды шабуылдауда. Қауіпті індеттен үрейге бой алдырған тұрғындар дәрі-дәрмек сататын мекеме алдына ұзын-сонар кезекке тұрып жатыр. Әлеуметтік желіде Алматы дәріханаларының алдында қаптап тұрған адамдардың видеосы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ

Карантин алдындағы Алматы дәріханаларындағы кезек. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Карантин алдындағы Алматы дәріханаларындағы кезек. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Оңтүстік астанадағы кадрлармен Instagram желісіндегі kris.p.almaty.official парақшасының оқырманы бөліскен.

Бойжеткен шағын алматылық дәріханалар жанында ұзын-сонар кезекте тұрған адамдарды видеоға түсіріп алған. Оншақты тұрғын қажетті препараттарын сатып алу үшін дәрі сататын дүкен алдына тізілген. Оңтүстік астанада мұндай көрініс наурыз айында карантин енді ғана енгізіліп жатқан кезде де орын алған.

Ақтауда да ұқсас жағдай орын алды. Қалалық дәріханалар алдында да кезекте тұрған адамдар видеоға түсіп қалған. Оқиға орнындағы суреттер мен видеолармен жергілікті Lada.kz басылымының оқырмандары бөліскен.

Фото: Lada.kz

Фото: Lada.kz

Фармацевт мамандар ұзын-сонар кезекке тұрған қала тұрғындары уақыттарын босқа кетіріп жатқанын айтты. Олардың мәлімдеуінше, дәріханаларда вирусқа қарсы және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектер жоқ. Бұл туралы жергілікті басылым хабарлады.

Дәріхана сатушылары аталмыш препараттар қашан сатылымға шығатынын айта алмайды.

Тағы да оқыңыздар

Қисықова: Барлығына бірдей дәрігер мен төсек-орын жетпейді

Фото: Lada.kz

Фото: Lada.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы "дәрі-дәрмек дүрлікпесі" жайлы хабарланған болатын. Ол кезде алматылықтар, елордалықтар мен шымкенттіктер дәрі тапшылығына шүйліккен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Еліміздің әр өңірінде дәріхана алдында кезекте тұрғандар видеоға түсіп қалды