Выйти
RU

ПТР-тест шын мәнінде қанша тұрады: қазақстандық өндірушілер шындықты айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тестілеуге қатысты жанжал туындады. Отандық тест өндірушілер оның бағасын екі есеге дейін төмендетуге болатынын айтты. Ол үшін мемлекет диагностикалық жүйелерді отандық өндірушілерден сатып алу керек деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Коронавирусқа анализ тапсырғысы келетін алматылықтар саны көбеймесе, азаяр емес. Зертханалар жұмысқа қайта оралған бойда қала тұрғындары таң атпастан ұзын-сонар кезекке тұруда. Олар биоматериалды тапсыру үшін бірнеше сағат бойы ыстықта тұрады. Оған электронды кезектің алынып тасталғаны себеп болып отыр. Соған орай, жұртшылық таңғы уақытта келіп, кезекке жазылуда.

Оған қоса, алматылықтар ПТР-тестілеудің сапасы бағасына сай емес деп есептейді. Оңтүстік астана тұрғынының сөзінше, ол тест тапсыру үшін төрт сағат бойы кезекте тұрып, сол үшін 15,5 мың теңге төлеген.

Оңтүстік Корея клиникасы 15 мың теңгені мекеме орната алатын ең төмен баға екенін түсіндірді. Себебі, тестілеуге қажет реагенттер Оңтүстік Кореядан сатылып алынатын болғандықтан тесттің ақтық бағасына оларды алып келу мен медицина қызметкерлерінің жұмысы кіреді. Клиника басшысы Кореяда мұндай тесттер екі есе қымбат тұратынын айтты.

Тағы да оқыңыздар

Мәжіліс депутаты карантин шараларын ұлттық деңгейде енгізуді ұсынды

Ал қазақстандық өндірушілер диагностикалық жүйелермен мемлекетті толығымен қамтамасыз ете алатындарын жеткізді. Олар шығаратын тесттердің өзіндік бағасы үш мың теңгеден аспайды. Алайда, бар мәселе мемлекеттің отандық өндірушілермен серіктестік орнатуға асықпауында болып отыр.

Covid-19 тексеру үшін арналған диагностикалық тест-жүйелерін шығарумен айналысатын кәсіпкер Алтай Қалымбетов компаниясы айына жарты миллионға жуық тест-жүйелерін жасап шығаратынын айтты. Оның сөзінше, отандық өндірушілер реагенттерінің құны 2,5 мың теңгеден аспайды. Испорттық өндіруден шыққан тесттер төрт мың төрт мыңнан кішкене қымбаттырақ.

Кәсіпкердің айтуынша, зертханалар қызметкерлер еңбегінің ақысы мен дезинфекция заттарын ескере отырып бағаларды көтерген жағдайдың өзінде қазақстандық тест-жүйелерінің анализдері 7-10 мыңға жуық болмақ. Бұл дегеніміз, қазіргімен салыстырғанда екі есе арзан болып шығады.

Дереккөз: КТК.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ПТР-тест шын мәнінде қанша тұрады: қазақстандық өндірушілер шындықты айтты