Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жеңіл көлік газ құбырына соқтығысқан: Жүргізуші қайтыс болды (фото)

Опубликовано:

Алматыдағы Ходжанов пен Эксперименттік база көшелерінің қиылысында орын алған жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі қайтыс болды. Жеңіл машина газ құбырына соқтығысып жарылыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Басылымның мәліметінше, Peugeot көлігі Хожанов көшесі бойымен келе жатып, қиылыстағы газ құбырына соғылған.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Көліктің алдымен тротуарға соғылғаны, содан кейін газ құбырының тіреуішімен соқтығысқаны хабарланды. Соның салдарынан жеңіл машина қоршауды бұзып өткен. Оқиға орнында жарылыс болып, өрт басталғаны да белгілі болды.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Басылымның хабарлауынша, өрт сөндірушілер көлікке газдың тоқтамауынан жақындай алмаған. Оның бұғаттаған уақытта ғана өртті толықтай сөндіре алды. Мамандар жеңіл көліктің салонынан адамның денесін тапты.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Басылым оқиға орнынан фотолар жариялады. Кадрлардан қираған қоршаудың жанындағы өртке оранған көлікті көруге болады.

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Depositphotos

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862881-almatyda-zeil-klik-gaz-kbyryna-soktygyskan-zrgizusi-kajtys-boldy-foto/

pixel