Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин конституцияға өзгертулер енгізуге дауыс беруді жоспарлап отыр

Опубликовано:

Ресей президенті Владимир Путин сайлау учаскесіне келіп, Ресей Федерациясының Конституциясына ұсынылған түзетулер бойынша бүкілресейлік дауыс беруге қатысуды жоспарлап отыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Путин конституцияға өзгертулер енгізуге дауыс беруді жоспарлап отыр
Владимир Путин. Фото: kremlin.ru: UGC

РИА Новости хабарлағандай, бұл күні премьер-министр Михаил Мишустин де дауыс береді. 1 шілде, сәрсенбі – Ресей Федерациясының Конституциясына өзгерістер енгізу туралы бүкілресейлік дауыс берудің негізгі және соңғы күні. Ол алдымен 22 сәуірге жоспарланған болатын, бірақ содан кейін елде коронавирус эпидемиясына байланысты кейінге қалдырылды.

Кейін Путин дауыс берудің жаңа датасы туралы жарлыққа қол қойды. Эпидемиологиялық жағдайды және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, ресейліктер 25 маусым мен 1 шілде аралығында дауыс бере алады. Электрондық дауыс беру форматы Ресейдің екі аймағында ұсынылды.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков дүйсенбіде Путин сайлау учаскесінде өзгертулерге жеке өзі дауыс беретінін мәлімдеді.

"Қашан және қалай болатынын сіздерге хабарлаймыз",– деді ол.

Өкілдің айтуынша, бұл барлық сақтық шараларын сақтай отырып ұйымдастырылады: "ол өз денсаулығы мен басқалардың денсаулығына қауіп төндірмей, дауыс береді".

Еске салсақ, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шерудің алдында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесі Владимир Путинмен әңгімелесіп, оның ҰОС туралы мақаласына баға берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862884-putin-konstituciaga-zgertuler-engizuge-dauys-berudi-zosparlap-otyr/

pixel