Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаевтан сөгіс алған Оразалин Ақтөбедегі қауіпті дертпен қалай күресіп жатыр

Опубликовано:

Ақтөбеде пневмонияға қатысты екі түрлі ақпарат тараған. Облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев баспасөз мәслихатында өкпе қабынуынан 47 адам дүние салды деген ақпарат таратса, араға екі сағат салып облыс әкімі пневмониядан 62 адам қайтыс болғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде пневмониядан 62 адам көз жұмды
Фото: HRAUN / Getty Images: Getty Images

Бұл жағдайға байланысты әкімнің айтуынша, пневмониямен аурханаға түскен науқастардың көбінің ауруы асқынған.

"Өкініштісі, 62 адамның өлімі пневмония асқынып кеткен кезден бастап тіркелді. Негізінен басым бөлігі қосымша ауруы барлар - қан қысымы, жүрек ауруы, қант диабеті. Ашық айтуымыз керек, пневмониямен түскендердің басым бөлігі ауруын асқындырып түскендер. Қазір зертханалық тексеруде оң нәтиже көрсетпесе де, коронавирус симптомымен ем жасалып жатыр",– деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.

Ақтөбе өңірінде пневмониямен қатар COVID-19 дерті де өрші тұр. Қытайлық кеселге аймақта 1 412 адам шалдыққан.

Облыс әкімінің сөзіне қарағанда, емдеу орталықтарында 415 орын қосымша қойылған.

Тағы екі жүз орындық аурухана дайындалып жатыр. Қалалық барлық емханалар жанынан күндізге стационарлар ашылған.

Жедел жәрдем қызметі мен провизорлық ауруханаларда маман тапшылығы байқалады. Сондықтан ауруханаларға колледж түлектерін жұмысқа тарту жоспарланған.

Айта кетерлігі, Оңдасын Оразалин - мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан сөгіс алған әкімдірдің бірі. "Тәртіптік жаза орынды айтылды", дейді облыс әкімі.

"Маған мемлекет басшысының берген тәртіптік шарасын дұрыс деп есептеймін. Және бұдан тиісті жұмысты одан әрі күшейтуге көшетін боламыз",– деді әкім.

Дереккөз: Астана арнасы

Еске салсақ, желіде Талдықорған қаласының тұрғыны жариялаған жазба пайда болды. Бойжеткеннің сөзінше, анасының үйде ауырып жатқанына осымен жетінші күн болған. Алайда, облыс орталығының бірде-бір ауруханасы оны қабылдамай жатқан көрінеді. Бұл оқиғаға қатысты Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862885-tokaevtan-sgis-estigen-orazalin-aktbedegi-kauipti-dertpen-kalaj-kresip-zatyr/

pixel