RU

Тағы 489 адам: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 22 мыңнан асты

Өткен тәулікте тағы 489 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 22 308-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, өткен тәулікте елімізде симптомды 489 науқас тіркелсе, ауру белгілері жоқ 1115 адам тіркелген. Өсім еліміз бойынша 2,5 пайызды құрады.

Деректер бойынша елімізде қауіпті дертті 13 мыңнан астам науқас жеңіп шықса, 188-i вирус салдарынан көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі елдегі жағдайға талдау жасап, 10 негізгі шараны ұсынған болатын.

- Амбулаториялық негізде CVI емдеудің қарапайым және түсінікті белгілерін дамыту;

- Дәрілік заттарды жеткізу және сатып алу процесін жеделдету, отандық өндірушіні ынталандыру;

- Диагностиканың қол жетімділігін арттыру - компьютерлік томографиямен қатар сандық рентген аппараттарын қолдану аясын кеңейту;

- Тестілеуге арналған зертханалық қуатты кеңейту, тестерді уақытында жеткізу;

- Мобильді топтардың қоңыраулар кезінде тест қоршауларын ұйымдастыру;

- Пациенттерге үйден барынша қауіпсіз медициналық көмек көрсету;

- Амбулаторлық деңгейде қашықтықтан кеңес өткізу;

- Ауруханаларды өкпені жасанды желдету құрылғыларымен жабдықтау;

- Жерлеу тәртібін өзгерту;

- Азаматтардың эпидемиологиялық сақтығын арттыру

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1862889-tagy-489-adam-kazakstanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-22-mynan-asty.html