Выйти
RU

Анасының көзінше топырақ жеген блогер желіні жарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

TikTok желісінде танымал блогер жуырда қызықты видеосымен бөлісті. Кадрда жас жігіт әзілдемек болып, анасына көзінше топырақ жеген. Оны көрген келіншек шошып, баласына ұрыса жөнелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Анасының көзінше "жерді" жеген блогер желіні жарды

Фото: TikTok / ricky.alvano

Блогер өзінің анасын алдамақшы болған. Ол үшін тикток жұлдызы шоколадты печеньені блендердің көмегімен ұсақтап алады.

Бір қарағанда қара топырақтан аумай қалған қоспаны жігіт гүлге арналған ыдысқа салып, анасының көзінше жей бастаған.

Оны көрген әйелдің көзі шаранасынан шығып кете жаздайды. Баласына ұрыса жөнелген ол біраз уақыттан кейін қолына түскен затты лақтыра жөнелген.

Келіншектің реакциясы желідегілердің ішек сілесін қатырды.

"Құдай-ау, мұның не? Мен сені тамақтандырмай жүргендей, неге мұндай қылықтар жасайсың?", - деп шошиды анасы.

Оқырмандар блогердің анасын харизмасы жоғары адам деп атады. Олар анасымен әзілдескен жігіттің де қылығына баға беруді ұмытпады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін заттарымен бірге үйін де көшіріп алып кеткен отбасы жұртты таңғалдырғанын жазған едік.

Индонезияның Бале Бусу Мутиара ауылында түсірілген видео желіде тарап кетті. Кадрдан тұрғындардың бір отбасыға басқа жерге көшуге көмектесіп, үйін жылжытып жатқанын көруге болады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Анасының көзінше топырақ жеген блогер желіні жарды