Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жағдайында косметика жасамақ болған ару көз жанарынан айырылды

Опубликовано:

24 жастағы Марта Бустос үй жағдайында сабын мен косметика жасап көрмек болған. Алайда нәтижесінде ару сұлулығымен қатар көзінен де айырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ге сілтеме жасап.

Үй жағдайында косметика жасамақ болған ару көз жанарынан айырылды
Фото: instagram.com/stuntmanmarta: UGC

Косметика даярлау барысында қыздың көзіне құрамында улы натрий бар қоспа шашырап кетіпті. Содан кейін Марта бірден ауруханаға жеткізілген.

Қайғылы оқиғаның салдарынан Марта көз жанарынан айырылды.

Ол екі аптаға жуық ауруханада жатып, ем алған. Алайда дәрігерлер қызға ота жасап, көздің мүйізгек қабығын алып тастау керек деген пікірді ұстанып отыр.

Ең қиыны, Марта қазіргі таңда басқа елде тұрып жатыр және оның сақтандыру құжаты жоқ.

Ол шын сүйіп қалғандықтан сонау Испаниядан АҚШ-қа келіпті.

Қазіргі таңда арудың сүйіктісі Дэвид оны барынша қолдауға тырысуда. Десе де, бәрібір Марта өзін нашар сезінеді.

Қазіргі таңда қос ғашық GoFundMe ұйымы арқылы емге ақша жинауда.

Естеріңізге сала кетейік, қайнаған майға қолын салған блогер арудың аман қалғаны туралы жазған едік.

Physics Girl ютуб-арнасын ашқан америкалық ару Дайанна Коуэрн қайнап тұрған майға қолды салып, қалай күйіп қалмауға болатынын көрсетті.

Дайанна өз арнасында физиканың шын мәнінде өте қызықты екенін дәлелдеуде. Соңғы тәжірибесінде ару қайнаған майға қолын салып, жұртты таңғалдырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1862901-j-zagdajynda-kosmetika-zasamak-bolgan-aru-kz-zanarynan-ajyryldy/

pixel