Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұрмысқа шыққан соң хиджабын шешкен танымал блогер сынға қалды (фото, видео)

Опубликовано:

Желіде гитарамен ән салып танылған Ақсұңқар мен Арайлымның жұбы бүгінде ел талқысына түсті. Көпшілік жас әншінің сүйіктісі оның үйленуге жасаған ұсынысынан кейін ұзақ уақыт киіп жүрген хиджабын шешіп тастағанына күйінді. Олар бірде жабық киініп, енді қайтадан бұрынғы образдарына көшкен арудың қылығын түсінер емес деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/dearaikaa. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/dearaikaa. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Хиджабын тастамай киіп келген бойжеткен Ақсұңқарға тұрмысқа шыққаннан кейін одан бірден бас тартқан секілді.

Желі жұлдызы жабық мұсылман киімін шетке ысырып, заманауи үлгідегі киім үлгісін таңдаған.

Көпшілік стиліне үлкен өзгеріс енгізген хиджабтағы аруды аяусыз сынап тастады.

Олар қалыңдықтың мұндай қадамға не себепті барғанын біле алмай әлек болып, оның Instagram парақшасында сұрастырып көруге тырысты.

"Сіз хиджаб киген едіңіз ғой. Неге тастап кеттіңіз" , "Хиджаб кимей қойған ба" , "Қыздарды түсінбеймін. Осы тұрмысқа шыққан соң, хиджаб та, басқасы да қала ма?" , "Хиджабты ойыншық қылған" , "Киіп-шеше беруге болатын ойыншық болғаны ма?" , "Хиджаб шешу керек дегенге бұлай шешыне салу қызық екен" , "Енеңіздің көңілі толған шығар. Хиджаб шешіліп, аяқ-қолыңыз көрініп, шашыныз жабырап" , "Хиджаб кимесең де тым болмаса жабық киінбейсің бе? Хиджабты бір киген адам ашық жерлерін қымтап жүруды әдетке айналдырушы еді " , - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862909-trmyska-sykkan-so-hidzabyn-sesken-tanymal-bloger-synga-kaldy-foto-video/

pixel