Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеудесі сырылдап тұр": Белгілі айтыскер Айтақын Бұлғақов ауырып қалды

Опубликовано:

Танымал айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов ауырып қалды. Бұл туралы оның досы, журналист Серік Әбікенұлы жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кеудесі сырылдап тұр": Айтыскер Айтақын Бұлғақов ауырып қалды
Айтақын Бұлғақов. Фото: alashainasy.kz: Getty Images
"Айтекем аздап сырқаттанып қалыпты. Телефон шалсам, тамағы қарлығып, кеудесі сырылдап әзер сөйлеп тұр. Ауруханада орын жоқ екен, мынауыңның бой беретін түрі жоқ, бір қиын бәле екен, - дейді. Жетісудың абыройын қорғап, сан додада бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан ардакүреңіңнің амандығын тілеп қой, ағайын. Аман болыңыз, Айтеке! Ауырмаңыз!",- деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын ақын Мұхамеджан Тазабек те ауырып жатқанын айтқан еді. Ақ халаттыларды күтіп отырған айтыскер бұйырған шешімге көнетінін жеткізген болатын.

"Оншақты күн үй жағдайында ем алып көріп едік, көнбеді. Екі өкпе бірдей қабынып, екі иықтан дем алып, есті шығарған сәттер күнәмізді төгіп, Құдай алдындағы дәрежемізге себеп болса екен...

Қызу түспеді, қол-аяқ пен бұлшық еттің қақсағаны қоймады. Дәрігерлер таңертең тағы келмекші. Бұйырған шешімге бас қоярмыз, Алла қаласа. Ауырмаңыздар, сақ болыңыздар! Індет іргеңізге кеп қалған болса, Алла шипа берсін, сабыр берсін!

Дүниедегі ең қымбат деген дәрі де сіз бен біздің дұғамыздан пәрменді емес деп ойлаймын!", - деген еді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862912-keudesi-syryldap-tr-belgili-ajtysker-ajtakyn-blgakov-auyryp-kaldy/

pixel