Выйти
RU

Елімізде COVID-19 жұқтырғандар ауру белгілері бар және жоқ деп бөлінбейтін болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ауру белгілері бар және белгілері жоқ деп бөлінбейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар ауру белілері бар және жоқ деп бөлінбейтін болды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Coronavirus2020.kz сайтында коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны туралы мәліметтер өзгерді.

Бір күн бұрын "тіркелген жағдайлардың" саны 21819 болса, бүгінде 41 055. Кешегі мәліметтер бойынша, ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 17 642 болды.

1 шілде күні таңертең, мамандар инфекцияны жұқтырудың жаңа деректері туралы хабарлағанда оларды ауру белгілері бар және ауру белгілері жоқ деп бөліп қарастырмады.

Сәрсенбіде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 1 604-ке өсті.

  • Соңғы мәліметтерге сәйкес, жұқтырғандардың саны бойынша Алматы көшбасшы болып тұр, онда 5,5 мыңнан астам адам КВИ жұқтырған. Ал екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. 5442 астаналық коронавирус жұқтырған.

Қазақстанда вирус таралғаннан бері 188 адам COVID-19 құрбаны болып, 13558 науқас сауығып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда пневмония дертінің өршуін коронавируспен байланыстырды.

Елімізде пневмониямен ауыратын науқастардың саны күннен күнге артып келеді. Сарапшылардың пікірінше, көптеген науқаста ауру жаңа коронавирус тудыруға себеп болуда.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 жұқтырғандар ауру белгілері бар және жоқ деп бөлінбейтін болды